SAMGA
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from SAMGA, School, Восток дом90, Shymkent.
1. Эхолалия
Эхолалия — адамның естіген сөзін немесе сөйлемін дәл сол күйінде қайталауы.
Эхолалия кейде баланың сөйлеуді үйрену кезеңінде кездеседі және міндетті түрде бұзылыс дегенді білдірмейді. Әсіресе кішкентай балаларда қалыпты даму кезеңінің бір бөлігі болуы мүмкін.
2. Аутизм
Аутизм кезінде балаға уақытында қолдау көрсетіліп, жүйелі түрде жұмыс жасалмаса, оның сөйлеу және қарым-қатынас дағдыларының дамуы баяулауы мүмкін.
Бала заттарды жақсы байқап, мұқият зерттеуі мүмкін, бірақ сол заттың атауын айту, сұрау немесе өз ойын сөзбен жеткізу қиын болады.
3. СДВГ
СДВГ кезінде балада назарын бір әрекетке ұзақ уақыт шоғырландыру қиын болуы мүмкін.
Бір ойыншықпен аз уақыт ойнап, кейін екіншісіне ауысады, заттарды шашып, бір орында отыруы қиын болады. Үнемі қозғалыста болып, ары-бері жүгіріп жүруі мүмкін.
Кейде бала заттардың атауын білуі немесе айтуы мүмкін, бірақ назарын тұрақты ұстай алмағандықтан, қарым-қатынаста және тапсырманы орындауда қиындықтар байқалады.
ЛОГОПЕД | ДЕФЕКТОЛОГ | МАССАЖ | АФК |ШЫМКЕНТ ✅
Әр нәтиже біз үшін ең үлкен жетістік 🔥
Ждем вас по адресу 📍Казиев 90
😍😍😍😍😍
Балаңыздың сөйлеуі немесе дамуы қатарластарынан өзгеше екенін байқадыңыз ба? 🤔
Кейде ата-аналар ЗРР мен ЗПР-ды шатастырып жатады. Бірақ бұл екеуі бір нәрсе емес.
🗣 ЗРР — сөйлеу тілінің даму қарқынының кешеуілдеуі.
Мұндай жағдайда бала айтылған сөзді, қарапайым нұсқауларды жақсы түсінуі мүмкін, бірақ өз ойын сөзбен жеткізуі қиын немесе сөйлеу белсенділігі төмен болады.
🧠 ЗПР — психикалық дамудың тежелуі.
Бұл жағдайда тек сөйлеу емес, зейін, есте сақтау, ойлау, тапсырманы түсіну және орындау сияқты бірнеше даму саласында қиындықтар байқалуы мүмкін.
❗️Бірақ бір ғана белгіге қарап, балаға диагноз қоюға болмайды. Әр баланың даму ерекшелігі жеке бағаланады.
Егер балаңыздың сөйлеуінде немесе дамуында осындай белгілерді байқасаңыз, маманға уақытында жүгінген дұрыс. Ерте анықтау — балаға қажетті көмекті дер кезінде бастауға мүмкіндік береді. 🤍
📩 Балаңыздың даму ерекшеліктері бойынша маман кеңесі қажет болса, бізге жазыңыз.
Баланың дамуын уайымдап өзіңіз қалай кедергі келтіргенін білмей каласыз🥹
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Website
Address
Shymkent
160000