agktk_
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from agktk_, Education, Жамбыла 102, Almaty.
🚂 «10 күн өндірісте» акциясы: 6-күн
Акцияның 6-шы күні колледжімізге «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының механикалық цехының басшысы Оразбаев Қ.Т. арнайы келді.
Кездесудің басты мақсаты — студенттерге кәсіби біліммен қатар, темір жол саласындағы жауапкершілік, коммуникация, электротехникалық және цифрлық технологиялар туралы түсінік беру.
👨🔧 Темір жол саласының маманы студенттерге:
🔹 темір жолдағы қызметтің қыр-сыры;
🔹 кәсіпорынның негізгі міндеттері;
🔹 энергетика және автоматика саласындағы коммуникациялар;
🔹 заманауи цифрлық технологиялардың өндірістегі қолданысы туралы айтып, тәжірибесімен бөлісті.
📚 Мұндай кездесулер студенттердің кәсіби бағдарын кеңейтіп, өндіріс саласына деген қызығушылығын арттыра түседі!
#10КүнӨндірісте #КәсібиБілім #ТемірЖол
🌿 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН - ТАЗА ҚАЛА!
2026 жылғы 19 қыркүйекте колледжімізде бүкіләлемдік «Таза Қазақстан - таза қала» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
🧹 Колледжіміздің аумағында қоқыстар жиналып, санитариялық тазалық жұмыстары жүргізілді, жасыл желектер күтіп-бапталып, айнала аумағы ретке келтірілді.
🌱 Тазалық — ортақ жауапкершілік!
Туған қаламыздың тазалығына бірге үлес қосайық!
#АлмалыАуданы #ТазаҚазақстан #ТазаАлматы #Сенбілік АККК
💧 Өндіріс орнымен танысу — тәжірибеден басталады!
Колледжіміздің «Логистика» мамандығының ОЛ-2600 тобы арнайы пән оқытушысы Күнсұлу Болатбекқызының жетекшілігімен «Samal Water» өндіріс орнына танымдық экскурсия жасап қайтты.
Экскурсия барысында студенттер өндірістік процестің ұйымдастырылуымен, өнімнің өндірілуі, қапталуы, қоймалануы және тұтынушыға жеткізілу кезеңдерімен танысты.
📦 Студенттер логистиканың өндіріс орнындағы маңызын тәжірибе жүзінде көріп, тауар қозғалысы, қойма жұмысы, тасымалдау және дайын өнімді жеткізу үдерістері туралы білімдерін толықтырды.
Осындай тәжірибелік сабақтар студенттердің теориялық білімін нақты өндірістік ортамен байланыстырып, болашақ маман ретінде кәсіби дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
✨ Болашақ логист — бүгінгі тәжірибеден басталады!
Кристально чистая питьевая вода "Samal"
«10 КҮН ӨНДІРІСТЕ» акциясы
5-күн – «Жаңа технология – жаңа дағды»
📌 «10 КҮН ӨНДІРІСТЕ» акциясының бесінші күні «Жаңа технология – жаңа дағды» тақырыбы аясында жалғасын тапты.
Алматы көлік және коммуникациялар колледжінің «Көліктік логистика және вагон шаруашылығы» бөлімі мен 360 Logistics компаниясының бірлескен жұмысы барысында білім алушылар заманауи еңбек нарығының талаптарына сай кәсіби дағдыларын өндіріс жағдайында жетілдіруде.
Бесінші күннің негізгі мақсаты – өндірісте қолданылатын жаңа технологияларды зерделеу және оларды оқу процесімен ұштастыру.
Практикалық жұмыс барысында білім алушылар логистика саласындағы нақты жұмыс үдерістерімен танысып, заманауи цифрлық технологиялар, бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелерді қолдану ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде меңгеруде.
🤝 360 Logistics компаниясымен бірлескен жұмыс аясында:
* өндірістегі заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді зерделеу;
* білім алушылардың практикалық және цифрлық дағдыларын жетілдіру;
* өндірісте қолданылатын бағдарламалар мен ақпараттық жүйелерді оқу процесімен байланыстыру;
* жаңа кәсіби дағдыларды анықтау;
* білім алушыларды болашақ жұмыс орнының нақты талаптарына бейімдеу ж�
🚉 «ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН» | 4-КҮН
📍 Алматы-1 станциясы
«Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында ОП-240, ОП-242, Д-41 топтарының білім алушылары Алматы-1 станциясында кәсіби тәжірибелерін жалғастыруда.
Төртінші күн маневрлік-сұрыптау дөңесінің жұмысымен танысуға арналды. Студенттер құрамдарды тарату, вагондарды ағыту және оларды тиісті жолдарға бағыттау үдерісін өндіріс жағдайында бақылап, теміржол мамандарының күнделікті жұмысымен жақынырақ танысты.
🚦 Сұрыптау дөңесі бойынша кезекші құрамдарды тарату кезінде вагондардың дұрыс ағытылуын және ағытпалардың белгіленген бағыт бойынша қозғалуын қадағалайды. Дауыс зорайтқыш байланыс арқылы қажетті ақпаратты хабарлап, тежеу кезінде ерекше сақтықты талап ететін вагондар туралы ескертеді. Сонымен қатар қозғалыс бағытындағы барлық өзгерістерді натурлық параққа белгілейді.
Орталық-
тандыру постының операторы орталықтандырылған бағыттамаларды ауыстырып, сигналдарды басқарады және сұрыптау дөңесінен вагондарды тарату кезінде олардың тиісті жолдарға бағытталуын қамтамасыз етеді. Ол сұрыптау дөңесі бойынша кезекшінің қай жолға қанша вагон ағыту керектігі жөніндегі командаларын орындайды.
Студенттер сондай-ақ станция диспетчерін
«Өндірістегі 10 күн» акциясының үшінші күні «Маманның нақты жұмыс орны» тақырыбында «Теміржолдың тартқыш жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша өткізілуде.
Алматы көлік және коммуникациялар колледжінің студенттері Алматы пайдалану локомотив депосында өндірістік тәжірибеден өтіп, локомотив бригадаларының нақты жұмыс жағдайымен, тартқыш жылжымалы құрамның құрылымы мен пайдаланылуымен, технологиялық үдерістермен және қауіпсіздік талаптарымен танысуда.
🚉 Тәжірибелік даярлықтың маңызды бөлігі – студенттердің тәжірибелі мамандармен бірге локомотивтерде нақты сапарларға шығуы. Бұл болашақ теміржолшыларға мамандықтың қыр-сырын өндіріс жағдайында меңгеріп, колледжде алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Колледж оқытушылары депо мамандарымен бірлесіп, қазіргі заманғы маманға қажетті кәсіби құзыреттер мен практикалық дағдыларды зерделеуде. Нәтижесінде «Маманның кәсіби құзыреттер картасы» қалыптастырылады.
🤝 Колледж және өндіріс – еңбек нарығына дайын білікті маманды бірге қалыптастырамыз!
«Өндіріс нені талап етсе – колледж соны үйретеді!»
#Өндірістегі10Күн #АКжКК #Локо
15.09.2026 жылы «Өндірістегі 10 күн» акциясының екінші күні — «Бүгінгі өндіріс талаптары» тақырыбы аясында колледж директоры Мағазов Ербол Джаруллаевич жауапты орынбасарларымен және бөлім меңгерушісімен бірге YTO Express компаниясының сұрыптау орталығына барды.
Сапардың басты мақсаты — “Логистика” мамандығы бойынша мамандар даярлауға қойылатын заманауи логистикалық кәсіпорынның нақты талаптарын зерделеу болды. Сұрыптау орталығының басшысы Peng Jean колледж өкілдерін компания қызметімен, орталық жұмысының ерекшеліктерімен және негізгі өндірістік үдерістермен таныстырды.
Кездесу барысында колледж бен кәсіпорын арасындағы ынтымақтастық перспективалары, студенттердің өндірістік практикадан өту мүмкіндіктері, дуальды оқыту базасын кеңейту және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды. Болашақ логист маманына қажетті кәсіби құзыреттерге ерекше назар аударылды: жүктерді қабылдау, сұрыптау, сақтау және жөнелту үдерістерін түсіну, ілеспе құжаттармен жұмыс істеу, қауіпсіздік талаптарын сақтау, еңбек тәртібі мен қызмет көрсету сапасы.
Сонымен қатар логистика саласында заманауи цифрлық шешімдер мен технологияларды қолдану, жұмыс берушілердің түлектердің
Бүгін колледжімізде «Өндірістегі 10 күн» акциясы басталды. Акцияның басты ұраны — «Өндіріс нені талап етсе, колледж соған үйретеді!».
Акцияның алғашқы күні «Кәсіпорын – колледж» серіктестігіне арналды. Колледжімізге «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Алматы магистральдық желі бөлімшесінің» әлеуметтік мәселелер жөніндегі директор орынбасары Түкенов Дархан Тоқтарұлы және HR-менеджері Тантыбаева Ақмарал Асанқызы келді.
Кездесуге колледж директоры, директор орынбасарлары, әдіскерлер, арнайы пән оқытушылары және бітіруші топ студенттері қатысты.
Кездесу барысында еңбек нарығына сай мамандар даярлау, өндірістік тәжірибені ұйымдастыру, дуальды оқыту, тәлімгерлік және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.
Келесі мамандықтар бойынша серіктестік бағыттарына ерекше назар аударылды:
• теміржолдардың электрмен жабдықталуы;
• тасымалдауды ұйымдастыру және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару;
• автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару;
• теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы.
Ортақ мақсатымыз — колледж түлектерінің кәсіби құзыреттерін теміржол саласының заманауи талаптарына сәйкестендіріп, жұмыс берушілермен өзара байланысты нығайту.
#Өндірістегі10Күн #Кәсіп�
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Website
Address
Жамбыла 102
Almaty
Alerts
Be the first to know and let us send you an email when agktk_ posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.