Library ENU

Library ENU

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Library ENU, Library, Nur-Sultan.

24/09/2026

ОН ТОМДЫҚ ЕҢБЕКТІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

Белгілі әдебиет сыншысы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақұлының 10 томдық еңбегінің тұсаукесері өтеді.

Дандай Ысқақұлы — қазақ әдебиеттануы мен әдеби сынының дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалым. Ол 2000–2008 жылдары Еуразия ұлттық университетінде профессор қызметін атқарып, ғылым мен білім саласында жемісті еңбек етті.

Тұсаукесер барысында ғалымның көпжылдық ғылыми ізденістерін жинақтаған он томдық еңбегі таныстырылып, қазақ әдебиеті, әдеби сын мен руханият төңірегінде тағылымды әңгіме өрбиді.

Құрметті оқырмандар, ғалымдар, оқытушылар мен студенттер!
Сіздерді тағылымы мол рухани шараға қатысып, қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілінің шығармашылық мұрасымен жақынырақ танысуға шақырамыз!

📅 25 қыркүйек, 2026 жыл
🕒 15:00
📍 ЕҰУ Ғылыми кітапханасы (Ақселеу Сейдімбек залы)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

23/09/2026

РУХАНИ КЕЗДЕСУ

Филология ғылымдарының докторы, профессор Рақымжан Тұрысбекпен «Кітап – қымбат қазына» атты рухани кездесу өтеді.

Кездесу барысында кітап пен руханият, әдебиет пен ғылым, ұлттық құндылықтар мен оқырман мәдениеті төңірегінде тағылымды әңгіме өрбиді.

🏆 Сондай-ақ кездесу аясында 10 маусым – 31 тамыз аралығында өткен кітап оқу марафонының қорытындысы шығарылып, марафон жеңімпаздары марапатталады.

Қадірлі оқырмандар, студенттер мен кітапсүйер қауым!
Көрнекті ғалымның ой-пікірін тыңдап, әдебиет пен руханият жайындағы мазмұнды әңгімеге қатысуға және кітап оқу марафонының марапаттау сәтіне куә болуға шақырамыз.

Сіз де келіңіз, тағылымды кездесудің қадірлі қонағы болыңыз!

📅 28.09 | 13:00
📍 Қажымұқан көшесі, 11 (ОЗҒ), 307 аудитория

Кездескенше, құрметті оқырман!

23/09/2026

РУХАНИ КЕЗДЕСУ

Филология ғылымдарының докторы, профессор Рақымжан Тұрысбекпен «Кітап – қымбат қазына» атты рухани кездесу өтеді.

Кездесу барысында кітап пен руханият, әдебиет пен ғылым, ұлттық құндылықтар мен оқырман мәдениеті төңірегінде тағылымды әңгіме өрбиді.

🏆 Сондай-ақ кездесу аясында 10 маусым – 31 тамыз аралығында өткен кітап оқу марафонының қорытындысы шығарылып, марафон жеңімпаздары марапатталады.

Қадірлі оқырмандар, студенттер мен кітапсүйер қауым!
Көрнекті ғалымның ой-пікірін тыңдап, әдебиет пен руханият жайындағы мазмұнды әңгімеге қатысуға және кітап оқу марафонының марапаттау сәтіне куә болуға шақырамыз.

Сіз де келіңіз, тағылымды кездесудің қадірлі қонағы болыңыз!

📅 28.09 | 15:00
📍 Қажымұқан көшесі, 11 (ОЗҒ), 405 аудитория

Кездескенше, құрметті оқырман!

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Photos from Library ENU's post 22/09/2026

Кітап оқуға 5 себеп

Кітап оқу — ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорды байытады, зейін мен есте сақтауды жаттықтырады.

Ал көркем шығарма қиялымызды кеңейтіп, өзге адамдардың ойы мен сезімін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Күн сайын кітап оқуға аз ғана уақыт бөлудің өзі жақсы әдеттің бастамасы болуы мүмкін.

📖 Ал сіз кітап оқудың тағы қандай пайдасын қосар едіңіз?

#еұу #ғылымикітапхана #кітапоқумәдениеті #кітапоқитынұлт

21/09/2026

РУХАНИ КЕЗДЕСУ

Филология ғылымдарының докторы, профессор Рақымжан Тұрысбекпен «Кітап – қымбат қазына» атты кездесу өтеді.

Кездесу барысында кітап пен руханият, әдебиет пен ғылым, ұлттық құндылықтар мен оқырман мәдениеті төңірегінде тағылымды әңгіме өрбиді.

Қадірлі оқырмандар, студенттер мен кітапсүйер қауым!
Көрнекті ғалымның ой-пікірін тыңдап, әдебиет пен руханият жайындағы мазмұнды әңгімеге бірге қатысуға шақырамыз. Сіз де келіңіз, тағылымды кездесудің қадірлі қонағы болыңыз!

📅 28.09 | 15:00
📍 Қажымұқан көшесі, 11 (ОЗҒ), 405 аудитория

Кездескенше, құрметті оқырман!

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

#ғылымикітапхана #ену

Photos from Library ENU's post 16/09/2026

📌Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Үздіксіз білім беру институты мен Ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханаларының мамандарына арналған «AI технологиялары және кітапхана қызметін жаңғырту» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өткізілетінін хабарлайды.
📅Өтетін уақыты: 12–23 қазан, 2026 жылғы
📍Өтетін орны: Астана қ., Пушкин көшесі, 11, Ғылыми кітапхана.
__________

📌Институт непрерывного образования и Научная библиотека Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилева сообщают о проведении курсов повышения квалификации для специалистов библиотек высших учебных заведений Республики Казахстан на тему:
«AI-технологии и модернизация деятельности библиотеки »
📅Дата проведения: с 12 по 23 октября 2026 года.
📍Место проведения: г. Астана, ул. Пушкина, 11, Научная библиотека.
__________

📌The Institute of Continuing Education and the Scientific Library of L.N. Gumilyov Eurasian National University announce the professional development course for library specialists from higher education institutions of the Republic of Kazakhstan on the topic:
“AI Technologies and the Modernization of Libraries’
📅Dates: October 12–23, 2026.
📍Venue: 11 Pushkin Street, Astana, Scientific Library.

Photos from Library ENU's post 16/09/2026

«РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АЙДАРЫ

Бүгінгі айдарымызда ЕҰУ Ғылыми кітапханасының сирек қорында сақталған құнды еңбектердің бірі — «Цин патшалық дәуіріндегі шекаралық аймақтарға қатысты мәнжу тілінде жазылған мұрағат құжаттарының каталогын» таныстырамыз.

12 томдық ғылыми басылымда 120 мыңнан астам мұрағаттық жазба қамтылған. Әсіресе 6–11 томдардағы деректер XVIII–XIX ғасырлардағы қазақ-қытай байланыстары, шекаралық қатынастар, елшілік, сауда және Орталық Азия тарихын зерттеу үшін маңызды.

Небәрі 500 данамен жарық көрген бұл еңбек бүгінде ЕҰУ Ғылыми кітапханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің қорында сақтаулы.

📖 Құнды басылыммен ЕҰУ Ғылыми кітапханасында таныса аласыздар.

📍 Мекенжай: Астана қаласы, Пушкин көшесі, 11.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

#ғылымикітапхана #сиреккітаптар

Photos from Library ENU's post 16/09/2026

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ БАСТАЛДЫ!

Кітапсүйер қауымды бір арнаға тоғыстыратын «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны басталды.

Марафон 7 бағыт бойынша өтеді:
«Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын университет», «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» және «Кітап оқитын зияткер».

📖 Алғашқы кітапты оқу 15 қыркүйекте басталды.

Ал тіркеліп үлгермегендер үшін жақсы жаңалық бар!

⏳ Марафонға қатысушыларды тіркеу 27 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Демек, марафон басталып кеткенімен, оған қосылуға әлі де мүмкіндік бар. Төмендегі сілтеме арқылы тіркеліп, өз бағытыңызды таңдап, кітап оқуды бастаңыз:

🔗 https://reading-nation.kz/platform/auth/register

🏆 Жалпы жүлде қоры — 1 350 000 ₸

🥇 I орын — 600 000 ₸
🥈 II орын — 450 000 ₸
🥉 III орын — 300 000 ₸

Кітап оқыңыз, біліміңізді сынаңыз және марафонның бір бөлігі болыңыз!

Тіркелуге әлі уақыт бар — 27 қыркүйекке дейін үлгеріңіз!

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Photos from Library ENU's post 15/09/2026

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ: ОҚУДЫ БАСТАЙМЫЗ!

Бүгін «Кітап оқитын ұлт» ұлттық кітап оқу марафонының негізгі оқу кезеңі басталды!

Марафонның «Кітап оқитын университет» бағыты бойынша қатысушылар алдағы кезеңде арнайы іріктелген 15 кітапты оқиды. Тізімде қазақ әдебиетінің көрнекті шығармалары, әлем классикасы мен заманауи туындылар бар.

📖 Алғашқы кітап — Төлен Әбдіктің «Оң қол» шығармасы.
🗓 Оқу мерзімі: 15–26 қыркүйек 2026 жыл.

Әр қатысушыға кітап бос кітаптардың арасынан кездейсоқ таңдалып беріледі. Қажет болған жағдайда оны сайттағы тізімдегі басқа кітапқа бір рет ауыстыруға мүмкіндік бар.

Жалпы марафон 2026 жылғы қыркүйектен 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба мектеп оқушылары мен студенттерден бастап педагогтерге, отбасыларға, мемлекеттік қызметкерлер мен барлық кітапсүйер қауымға арналған 7 бағытты қамтиды.

Марафон үшін 330 кітаптан тұратын арнайы қор жасақталған: оның 165-і қазақ, 165-і орыс тілінде. Әр қатысушы өз бағыты бойынша 15 кітап оқып, келесі кезеңдерде білімін сынайды.

Суретте «Кітап оқитын университет» бағытының 15 кітабы суретте көрсетілген.

Алғашқы шығарма дайын.
«Оң қолды» бірге оқимыз! 📖

#кітапоқитынұлт #кітапоқитынуниверситет #оңқол #төленәбдік #кітапоқы

Want your organization to be the top-listed Government Service in Nur-Sultan?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Telephone

Address


Nur-Sultan

Opening Hours

Monday 09:00 - 20:00
Tuesday 09:00 - 20:00
Wednesday 09:00 - 20:00
Thursday 09:00 - 20:00
Friday 09:00 - 20:00
Saturday 09:00 - 17:00