KTZ Express
Национальный мультимодальный оператор АО «KTZ Express» - является 100 % дочерней организацией АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы».
17/06/2026
🇰🇿🇪🇺 Қазақстан мен Еуропалық Одақ Брюссельде Орта дәлізді дамыту перспективаларын талқылайды
📅 2026 жылғы 22 маусым
📍 Брюссель, Бельгия
2026 жылғы 22 маусымда Брюссель қаласында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ .kz және «KTZ Express» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметімен бірлесіп «ЕО мен Қазақстан арасындағы байланысты нығайту: Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) перспективалары мен стратегиялық әлеуеті» атты халықаралық бизнес-конференциясын өткізеді.
🤝 Іс-шара Қазақстан мен Еуропалық Одақтың мемлекеттік органдары, халықаралық қаржы институттары, ұлттық теміржол компаниялары, теңіз тасымалдаушылары, порт әкімшіліктері, логистикалық операторлар және жүк иелері өкілдері арасындағы ашық диалог алаңына айналады.
🚆 Іскерлік бағдарлама аясында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, ТХКБ-ның транзиттік әлеуетін арттыру, маршруттың өткізу қабілетін ұлғайту, көлік және терминалдық инфрақұрылымды жаңғырту, логистикалық процестерді цифрландыру, сондай-ақ халықаралық сауда мен тұрақты жеткізу тізбектері үшін жаңа мүмкіндіктер құру мәселелері талқыланады.
🌍 Қазақстандық және еуропалық серіктестер арасындағы практикалық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылады. Конференция аясында халықаралық көлік-логистикалық байланыстарды кеңейтуге және Орта дәліз бағыты бойынша жаңа сервистерді дамытуға бағытталған екіжақты кездесулер мен келіссөздер өткізу жоспарланған.
⭐️ Бизнес-форумның өткізілуі еуропалық бизнестің Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға деген қызығушылығының артып келе жатқанын растайды және Қазақстанның Еуразиядағы негізгі көлік-логистикалық хаб ретіндегі стратегиялық рөлін көрсетеді.
#ТХКБ
04/05/2026
ҚТЖ теңіз флотын құруда: алты кеме жасауға келісімшарттар жасалды
📅 2026 жылғы 30 сәуір
📍 Цзянсу провинциясы, Қытай
📍 Баку қ., Әзербайжан
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында .kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) одан әрі дамыту үшін теңіз флотын құруға кірісті.
KTZ Express-тың еншілес «KTZ Express Shipping» ЖШС компаниясы Jiangsu Haizhongzhou Shipping Industry Co., Ltd. компаниясымен және Баку кеме жасау зауытымен алты әмбебап жүк-контейнер тасымалдау кемесін салу туралы келісімшарттарға қол қойды.
Jiangsu Haizhongzhou Shipping Industry Co., Ltd. төрт кеме жасаса, Баку кеме жасау зауыты тағы екі кемені жасайды.
Жобаны іске асыру Қазақстанның ТХКБ-дағы ұстанымын нығайтуға және маршруттың тұрақты теңіз құрамдас бөлігін қалыптастыруға бағытталған.
Жоба Каспий және Қара теңіз бағыттарында жұмыс істеуге бейімделген, жүк көтергіштігі 9 900 тоннаға дейін және сыйымдылығы 537 ЖФБ-ға дейінгі «өзен-теңіз» класты кемелерді салуды көздейді. Бұл теңіз сегментінің ТХКБ бірыңғай логистикалық тізбегіне тиімді интеграциялануын қамтамасыз етеді.
Кемелер халықаралық талаптар мен экологиялық стандарттарға, соның ішінде IMO және MARPOL нормаларына сәйкес заманауи басқару және навигация жүйелерімен жабдықталады. Классификациялық сүйемелдеуді Bureau Veritas қамтамасыз етеді.
Бұл кемелердің қауіпсіздігі, сенімділігі және экологиялық тазалығының жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, оларды халықаралық маршруттарда тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, сондай-ақ жаһандық жүк жөнелтушілер тарапынан сенімді арттырады.
#ТХКБ #ҚазақстанТемірЖолы #Логистика #Каспий
04/05/2026
ҚТЖ теңіз флотын құруда: алты кеме жасауға келісімшарттар жасалды
📅 2026 жылғы 30 сәуір
📍 Цзянсу провинциясы, Қытай
📍 Баку қ., Әзербайжан
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында .kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) одан әрі дамыту үшін теңіз флотын құруға кірісті.
KTZ Express-тың еншілес «KTZ Express Shipping» ЖШС компаниясы Jiangsu Haizhongzhou Shipping Industry Co., Ltd. компаниясымен және Баку кеме жасау зауытымен алты әмбебап жүк-контейнер тасымалдау кемесін салу туралы келісімшарттарға қол қойды.
Jiangsu Haizhongzhou Shipping Industry Co., Ltd. төрт кеме жасаса, Баку кеме жасау зауыты тағы екі кемені жасайды.
Жобаны іске асыру Қазақстанның ТХКБ-дағы ұстанымын нығайтуға және маршруттың тұрақты теңіз құрамдас бөлігін қалыптастыруға бағытталған.
Жоба Каспий және Қара теңіз бағыттарында жұмыс істеуге бейімделген, жүк көтергіштігі 9 900 тоннаға дейін және сыйымдылығы 537 ЖФБ-ға дейінгі «өзен-теңіз» класты кемелерді салуды көздейді. Бұл теңіз сегментінің ТХКБ бірыңғай логистикалық тізбегіне тиімді интеграциялануын қамтамасыз етеді.
Кемелер халықаралық талаптар мен экологиялық стандарттарға, соның ішінде IMO және MARPOL нормаларына сәйкес заманауи басқару және навигация жүйелерімен жабдықталады. Классификациялық сүйемелдеуді Bureau Veritas қамтамасыз етеді.
Бұл кемелердің қауіпсіздігі, сенімділігі және экологиялық тазалығының жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, оларды халықаралық маршруттарда тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, сондай-ақ жаһандық жүк жөнелтушілер тарапынан сенімді арттырады.
#ТХКБ #ҚазақстанТемірЖолы #Логистика #Каспий ТеңізФлоты ХалықаралықТасымал Kazakhstan TransCaspian Shipping Logistics
30/04/2026
«KTZ Express» АҚ Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтайды!
1 мамыр - қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болып табылатын ынтымақ, өзара құрмет пен келісімнің символы. Бұл мереке ортақ құндылықтар мен жасампаздыққа ұмтылыспен біріккен мәдениеттер мен дәстүрлердің байлығын айшықтайды.
Татулық пен қоғамдық келісім ел тұрақтылығының берік негізі болып, Қазақстан Республикасының одан әрі дамуы мен өркендеуіне ықпал ете берсін.
Баршаңызға бейбітшілік, ізгілік және амандық тілейміз!
_____________
АО «KTZ Express» поздравляет граждан с Днем единства народа Казахстана!
1 мая - это символ сплоченности, взаимного уважения и согласия, лежащих в основе устойчивого развития общества и государства. Праздник отражает богатство культур и традиций, объединённых общими ценностями и стремлением к созиданию.
Пусть гармония и общественное согласие остаются прочной основой стабильности, способствуя дальнейшему развитию и процветанию Республики Казахстан.
Желаем мира, добра и благополучия!
#ДеньЕдинства #1мая #Казахстан #Единство #Согласие Стабильность Развитие KTZExpress Праздник Общество
30/04/2026
KTZ Express және AECOM Транскаспий бағытын дамыту аясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
📅 2026 жылғы 28 сәуір
📍 Астана қ.
«KTZ Express» АҚ бас кеңсесінде Қоғам басшылығы мен халықаралық AECOM компаниясының делегациясы арасында кездесу өтті.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытудың негізгі бағыттарын қарастырып, сондай-ақ «Жаһандық инфрақұрылым және инвестициялар жөніндегі серіктестік» (Partnership for Global Infrastructure and Investment, PGI) бастамасы аясындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады.
AECOM өкілдері өңірде тұрақты әрі бәсекеге қабілетті көлік дәлізін қалыптастыруға бағытталған «Транскаспий сауда бағыты» (Trans-Caspian Trade Route, TCTR) жобасын іске асыру тәсілдерін таныстырды. PGI бастамасы аясында компания инфрақұрылымдық жобаларды дайындау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде кешенді қолдау көрсететіні атап өтілді.
Кездесу барысында халықаралық инвестицияларды тарту, мультимодальды логистиканы дамыту және Орталық Азия мен Каспий өңірінде тиімді жеткізу тізбектерін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, бірлескен бастамаларды пысықтау бойынша диалогты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.
ℹ️ Анықтама: AECOM – жобалау, инженерлік консалтинг және инфрақұрылымдық жобаларды басқару саласындағы халықаралық компания (бас кеңсесі – Даллас, АҚШ). Компания 150-ден астам елде көлік, энергетика және қалалық инфрақұрылым салаларында жобаларды жүзеге асырады, Қазақстанда 2005 жылдан бері жұмыс істейді және Fortune 500 тізіміне кіреді.
#ТранскаспийБағыты #ОртаДәліз
23/04/2026
KTZ Express және CRCT Орта дәлізді дамыту бойынша ынтымақтастықты күшейтуде
📅 2026 жылғы 22 сәуір
📍 Астана қ.
🏢 KTZ Express бас кеңсесінде KTZ Express Бас директорының міндетін атқарушы (Басқарма төрағасы) Айбек Қапардың China Railway Container Transport (CRCT) делегациясымен, Директорлар кеңесінің төрағасы Ян Биннің басшылығымен жұмыс кездесуі өтті.
🤝 Келіссөздер барысында тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша тасымалдардың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сонымен қатар логистикалық процестердің тиімділігін арттыру және инфрақұрылымдық шектеулерді жою мәселелеріне ерекше назар аударылды.
📈 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша тасымалдардың оң динамикасы атап өтіліп, транзит көлемін едәуір арттыру жоспарлары расталды.
🚆 Атап айтқанда, тараптар ТХКБ бағыты бойынша тасымал көлемін екі есеге арттыруға және Қытай – Еуропа бағыты бойынша сервистерді одан әрі дамытуға дайын екендерін білдірді.
⚙️ Ұзақ мерзімді тарифтік саясатты қалыптастыру, пойыздар қозғалысының бірыңғай кестесін енгізу, тасымалдау процесін цифрландыру және логистикалық тізбектердің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
🎯 Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Орта дәліздің болжамдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған одан әрі өзара іс-қимылдың басым бағыттарын айқындады.
ℹ️ Анықтама үшін: China Railway Container Transport Co., Ltd. (CRCT) – Қытайдағы контейнерлік теміржол тасымалдарының жетекші мемлекеттік операторы және KTZ Express компаниясының Еуразиялық көлік дәліздерін дамытудағы негізгі серіктестерінің бірі. CRCT халықаралық желіні, соның ішінде Қазақстандағы қатысуын белсенді дамытып, «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында тұрақты логистикалық тізбектерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
#ОртаДәліз #ТХКБ #Логистика
23/04/2026
.kz «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Алдыбергеновтың «Вьетнам темір жолы» МК Бас директоры Хоанг Зя Кханмен кездесуі өтті
Тараптар жүк тасымалы көлемін одан әрі ұлғайтуды қоса алғанда, теміржол саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.
Былтыр Қазақстан Вьетнамға 15 мың тоннадан астам бидай экспорттағаны атап өтілді. Астық жүктері Хайфон портына (Вьетнам) Достық және Алтынкөл шекаралық өткелдері арқылы жеткізілді.
Құрамдар Ақмола облысының Азат, Ақкөл және Көкшетау станцияларынан жөнелтілді.
Қазіргі уақытта қазақстандық өнімді Вьетнамға жеткізу Хайфон портына шығатын Ляньюнган портынан теміржол-теңіз схемасын қоса алғанда, Қытай аумағы арқылы тұрақты мультимодальды маршруттар бойынша жүзеге асырылады.
Тараптар тасымалдау көлемін ұлғайтуға, жүк жөнелтушілер үшін қолайлы жағдайлар жасауға және көліктік-логистикалық ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін растады.
#ҚТЖ #ҚазақстанТемірЖолы
23/04/2026
ҚТЖ мен Қытай темір жолдарының ынтымақтастығы: Талғат Алдыбергенов Ван Цзиньсимен кездесті
kz ҚТЖ ғимаратында теміржол ынтымақтастығы ұйымы конференциясының XL отырысы аясында компания басшысы Талғат Алдыбергенов Партия басшылық тобы хатшысының орынбасары, «Қытай темір жолдары» МК (ҚТЖ) Директорлар кеңесінің мүшесі Ван Цзиньсимен кездесті.
Тараптар екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту жөніндегі міндеттерді дәйекті орындауға мүмкіндік беретін үйлесімді өзара іс-қимылдың жоғары тиімділігін атап өтті.
Көрсеткіштердің тұрақты өсуі статистикамен расталады: 2026 жылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша тасымалдау көлемі 9,3% ұлғайып, 9,1 млн тоннаға жетті, бұл Қазақстан мен Қытай аумағы арқылы өтетін көлік дәліздеріне сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді.
Келіссөздер барысында Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамытуға және маршруттарды цифрлық трансформациялауға ерекше назар аударылды. 2026 жылғы бірінші тоқсанқорытындысы бойынша ТХКБ бойынша 125 контейнерлік пойызбен жүк тасымалданса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 34,4% артық.
Инфрақұрылымды кеңейтуде айтарлықтай прогреске қол жеткізілді. Тараптар Достық –Алашаңқай теміржол учаскесін салу жөніндегі үкіметаралық келісімді келісу бойынша жедел жұмысы үшін өзара алғыстарын білдірді және Бақты – Тачэн үшінші шекаралық өткелін салу жөніндегі құжатты келісуді белсенді түрде ілгерілетуге уағдаласты.
ҚТЖ және Қытай темір жолдарының синергиясы географиялық артықшылықты Шығыс пен Батыс арасындағы сауда интеграциясының қуатты құралына айналдыра отырып, екі елдің экономикалық өсуінің басты драйвері болып табылады.
#ҚТЖ #ҚазақстанТемірЖолы #ҚытайТемірЖолдары #ХалықаралықЫнтымақтастық #транзит
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
Kunayev Street 10
Nur-Sultan
010000
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:00 |
| Tuesday | 09:00 - 18:00 |
| Wednesday | 09:00 - 18:00 |
| Thursday | 09:00 - 18:00 |
| Friday | 09:00 - 18:00 |